24 Сентябрь
23:22
Астана: -3 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
21 шілде 15:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Польша зейнетке шығу жасын қысқартпақ


Польша биыл зейнетке шығу жасын қысқартуды жоспарлап отыр. Заң жобасы парламент қарауына ұсынылған.
Польшада 2012 жылы Дональд Тусктың үкіметі зейнетке шығу жасын ұзартқан болатын. Сол кезде бекітілген жоспарға сәйкес әр төрт ай сайын Польшадағы зейнетке шығу жасы бір айға артып, ерлер 2020 жылдан, әйелдер 2040 жылдан бастап 67 жаста зейнетке шығулары тиіс болған. Елдің сол кездегі үкіметі демографиялық дағдарыстың жақындауы себепті зейнетке шығу жасын ұзартудың қажеттілігін алға тартқан еді.
Қазіргі Анджей Дуданың үкіметі Польшада 2012 жылға дейін қолданылып келген нормаларды қайтаруды көздеп отыр. Сондықтан зейнетке шығу жасы әйелдер үшін – 60, ерлер үшін – 65 болмақ. Бұл өзгертулер Польшаның бірыңғай зейнетақы жүйесіне қосылған тұлғалар мен фермерлерге қатысты.
Ал, заң жобасын сынаушылар зейнетке ерте шыққан жағдайда елде егде жастағыларды қамтамасыз ететін еңбекке қабілетті азаматтар азайып, соның салдарынан төлемдер мөлшері төмендейтінін айтуда.
 
Дереккөз: immigrant.today
нравится:    692
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии