Әлем жаңалықтары
17 тамыз 17:43
Польшада суретші өзі тұратын көпқабатты үйді түрлі-түсті бояумен әрледі

Польшада Беата Пфланц есімді қылқалам шебері өзі тұратын көпқабатты үйдің сыртын түрлі-түсті бояумен әрлеп тастаған. Ғимараттың алуан түрлі суретпен көмкеріліп тұрғанына 6 жыл болыпты. Содан бері суретші оған әрдайым жаңа бір элемент енгізіп, жаңғыртып тұрады екен. 400 шаршы метрге созылған көркем туынды талайдың таңдайын қақтырып, таң-тамаша етуде. Әдетте көшедегі үйлер граффити үлгісінде боялатыны мәлім. Бірақ заманауи өнерді көбіне-көп адамдар құп көрмейді. «Ал, мынадай жарқын түсті суреттер адамдарға қатты әсер етумен қоса, асқақ армандарға жетелері сөзсіз»,-дейді қылқалам шебері. Беата Пфланц, суретші: - Осы суреттей ашық-жарқын өмір сүруге болады деген ойымды барша жұрт көрсе, ұғынса деймін. Бойыма дарыған қасиетімді барша әлемге паш етіп қана қоймай, жақсы көңіл-күй сыйлағанды жөн көремін.

Дереккөзі: 24.kz
 
 

Комментарии




Яндекс.Метрика