12 Декабрь
02:51
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
2 қазан 11:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Польшалықтар су перісін қолға түсірді (ВИДЕО)
Польшада түсірілген ерекше бейнематериал әлеуметтік желілерде талайдың назарын аударғаны анық. Онда ақ киім киген бірнеше ер адам балықтың құйрығына ұқсас екі метрлік тіршілік иесін судан шағырып жатқаны көрсетілген. Журналистер мұны нағыз су перісі деп атады. Осыған байланысты мәлімдеме жасаған Варшава мэрінің орынбасары Ярослав Юзьвяк бұған «Польшаның су аруы» деген баға берді, деп жазды tvzvezda.ru.


«Бүгін сиреналардың бір тобын таптық. Олардың кәріздік желілерге түсуіне Висладағы судың аздығы әсер етуі мүмкін », - деді Ярослав Юзьвяк.

Оның айтуынша, су перілеріне еш қауіп жоқ. Олар арнайы зертханаға орналастырылды. 



Алайда, Польшаның өзге бірқатар БАҚ-тарында бұл билік өкілдерінің желтоқсан айында өтетін мәдени фестиваль аясында ұйымдастырған әзіл-қалжыңдары екені жазылды. БАҚ материалдарына сүйенсек, фестивальға дейін тұрғындарды алдағы уақытта осы сынды талай тосынсый күтіп тұр. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    2121
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии