Экономика
30 шілде 09:45
Польшаның ең ауқатты азаматы қайтыс болды
 

Польшаның ең бай-бақуатты азаматы Ян Кульчик (Jan Kulczyk) қайтыс болды. Бұл туралы "Радио Польща" хабарлайды.

Ол 65 жасында өзіне жасалған отадан кейін көз жұмған.Кульчик шетелде жоспарлы емдеу курсынан өтті. Польшаның TVN24 телеарнасының хабарлауынша, бизнесмен Венада қайтыс болды.

Forbes журналының ақпараты бойынша, Кульчиктің дәулеті 3,9 миллиард долларға бағаланды. Оның Ciech химия компаниясы, Polenergia және Serinus Energy энергетикалық компаниялары, бірқатар мұнай-газ компаниялары және
SABMiller сыра компаниясында активтері болған.
Миллиардердің бірінші некеден Доминика мен Себастьян есімді екі баласы қалды. 

Комментарии




Яндекс.Метрика