24 Сентябрь
00:09
Астана: 1 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Авто
7 қыркүйек 17:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Полиция 38 жыл бұрын ұрланған көлікті иесіне қайтарды
Құрғақшылық 40 жылға жуық уақыт бұрын ұрланған автокөлікті табуға көмектесті. Fox news хабарлауынша, 1979 жылы Шампань француз провинциясында жоғалған көгілдір Peugeot 104 өз иесімен 38 жылдан кейін қауышады. Жылдар бойы тоғанның астында жатқан автокөлікті полиция қызметкерлері құрғақшылық кезінде тапқан.



Таңғаларлығы автокөлік соңғы жылдарда өзінің алғашқы кездегі келбетін сақтап қалған. Суретте көрініп тұрғандай, төрт есіктің бояуы кетпеген, ал бамперінде хром қалған. Жақын уақытта «Пежоның» жүруі екіталай. 38 жыл ішінде қақпақтың астына шаяндар ұя салып алған, оларды құтқарушылар шығарып тоғанға қайта жіберді.



Көліктің иесін табу үшін полиция қызметкерлері көп еңбектенді. Автокөлікті бірыңғай электрондық мәлімет базасы болмаған кезде ұрлап кеткен. Сол себепті, полиция қызметкерлері өздеріне керекті арызды табу үшін архивтегі толы қағазды ақтарып шыққан. Нәтижесінде, көгілдір Peugeot 104 көлігінің иесі Реймс қаласының тұрғыны болып шықты.

Көлікті тапқандығын естігенде әйел қатты таңғалған және полиция қызметкерлерінің өзін іздегеніне риза болған. Полиция қызметкерлерінің есептеуінше, әйел көліктен бас тартады, бірақ өткен шақты еске алып, сағынышын басу үшін көлігін көруге келеді.

Дереккөз: mail.ru
нравится:    70
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии