24 Август
12:43
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
23 маусым 13:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Полиция иттің терісін тірідей сыпырып тастаған Тараз тұрғынын іздестіріп жатыр


Жамбыл облысында жергілікті полиция қызметкерлері тірідей терісі сыпырылған иттің суретін жариялаған адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

"Әрине, біз суретті көрдік. Осы мәселемен айналысып жатырмыз, ІІД қызметкерлері суретті желіге жариялаған адамды іздестіріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айта кетейік, күні кеше әлеуметтік желілерде терісі тірідей сыпырылған стаффордшир терьерінің жантүршігерлік фотосы жария етілген болатын. Оқиға қыста орын алған болуы мүмкін. Себебі, тістері мен тырнақтары жоқ, тері астындағы қызыл еті жалбыраған ит қар үстінде отыр. Айналада тек соқпақ жол мен алыстан қар басқан тау ғана көрінеді.

Фотоны Алматы қаласының қаңғыбас жануарларға көмек көрсетумен айналысатын "Новый Шанс" қоғамдық қорының "Вконтакте" желісіндегі парақшасында жария етілген болатын. Аталмыш Қордың мәліметіне сүйенсек, түпнұсқа фотоның авторы Узя Бақтыбай атты қолданушы, алайда ол парақшасын өшіріп тастаған. 

Желі қолданушылары жануарды қорлап өлтіргендерді жазалауды сұрап отыр.


 
нравится:    2764
Теги: Главная, Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • тілеубек2016-06-23 18:53:02
    Ол қанішерді табылса аямау керек ол адам емес алла жазасын берсін