19 Август
09:23
Астана: 12 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
12 шілде 17:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Полиция қызметкері ұрыны көліктің есігімен қағып құлатты


Британия полицейлері көшедегі бейнекамералар арқылы қаладағы жағдайды бақылап отырған сәтте орын алған қылмысты көздері шалып қалды.

Джейк Недд есімді жігіт велосипедпен көшеде келе жатып, жол жиегінде тоқтап тұрған иесіз көліктің есіктері құлыптанбағанын байқап қалады да, көп ойланбастан көліктің салоны мен жүк салғышындағы заттарды ұрлап, пайда таппақ болады. Алайда, оқиғаны онлайн режимде бақылап отырған полицейлер оның оңай олжаға кенелуіне жол бермеді.



Ұры полицейлерді оқиға орнына тез келіп жетеді деп ойламаса керек, ісін бітіріп, енді жолға шыға берген сәтте, қарсы алдынан шыға келген полиция көлігін көре салып, жылдам кері бұрылып, қаша жөнелді. Алайда, полиция қызметкерлері көлік пен ұры мінген велосипед қатарласа берген сәтте, ұрыны көліктің есігімен қағып құлатып, тұтқынға алды.Осылайша, арам ойы іске аспаған ұры 28 аптаға түрмеге қамалды.




Дереккөзі: https://120.su
 
нравится:    90
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии