24 Сентябрь
08:58
Астана: 1 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
25 тамыз 10:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Полиция қызметкерлері мұсылман қызының киімін сыпырды

 
Ницца қаласының полиция қызметкерлері жағажайда демалып жатқан мұсылман қызын үстіндегі суда шомылатын киімін шешуге мәжбүрледі.
Мұсылман қызына қарулы төрт полицей келіп, үстіндегі киімін шешуді талап еткен. Сондай-ақ салынған тыйымға қарамай құқық бұзғаны үшін оған 38 еуро көлемінде айыппұл салған.
 
 Мұндай оқиғалар Францияда жиіліп келеді. Канн қаласында суда шомылатын жабық киім кигені үшін бес мұсылман келіншекке айыппұл салынған.
 


Ниццадағы терактідан кейін Францияның бірқатар қалаларында жабық киім киюге тыйым салынған болатын. Бұл шара бірінші болып Канн қаласында қолға алынды. Бұл қалада тыйым 2016 жылдың 12-тамызынан бастап күшіне енді. Қала әкімі Давид Леснардың айтуынша, суда шомылуға арналған жабық киім (буркини) түрлі дін өкілдерінің арасында болуы мүмкін қақтығыстардың алдын алады. Сондай-ақ террорлық актілер қатерін азайтады.
 
Бірақ бұл тыйымға көптеген француздық құқық қорғаушылар мен жергілікті тұрғындар қарсы шыққан болатын.
 
 Дереккөз: dni.ru
нравится:    758
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии