|    |  
14 қазан 2019
11:17
қаз
​Попкорн: пайдасы мен зияны
21 желтоқсан 2016, 12:07 107

 
Попкорн – балалар мен ересектердің бәрі бірдей жақсы көретін дәм.  Әсіресе попкорнсыз киноға бару қиын. Ал осы тағам туралы не білеміз? Қашан, қайда пайда болған? Пайдасы мен зияны қаншалықты? Осы сұрақтардың жауабын білгіңіз келсе, материалға зер салыңыз.
 
Попкорн 7 мың жыл бұрын пайда болған. Дәл сол кездері Мексиканың таулы аймақтарында жүрегі өсіріле бастаған. Біздің эрамыздың бас кезінде жүгері Америкадағы негізгі ауқат түріне айналды.
 
Ежелгі үнділер сол кездері жүгерінің белгілі бір түрлерінің қыздырғанда үлкейетінін байқайды. Себебі дән ішінде сұйықтық  түрінде келетін крахмал бар. Осы су қайнағаннан кейін дән қабығы жарылып, көлемі үлкейеді.  Попкорн атауы да осыдан шыққан.  Ағылшын тілінде «жүгері» сөзі «corn», ал «pop» сөзі «жарылған» деген мағынаны білдіреді. Яғни попкорнның сөзбе-сөз аудармасы «жарылған жүгері» болып шығады.
 
Еуропада попкорн 15-ғасырда пайда болғанымен, оны қазіргі тәсілмен дайындау тек 19-ғасырда жолға қойылды. Осы кезде АҚШ-та жүгері қуыруға арналған машиналар жасалған. Бұл құрылғының авторы Чарльз Криторз.
 
Попкорнның калориясы көп. Оның құрамында көптеген дәрумендер мен антиоксиданттар бар. Сондай-ақ ас қорытуды жақсартатын өсімдік жасұнығы бар. Попкорн ішек жұмысын қалпына келтіріп, қандағы қант мөлшерін азайтып, теріні жақсартады. Чипсы, тұзды жаңғақ, шоколадтарға қарағанда попкорн әлдеқайда зиянсыз.
 
Калориясы көп болғандықтан зияны да жоқ емес. Себебі құрамында тұз, май мөлшері жоғары. Попкорнға қосылатын май құрамында диацетил мөлшері көп. Сонымен қатар қыздырған кезде қосылатын хош иістендіргішті адамның тыныс алу жолдарына әсер ететіні анықталған. Попкорнды аллергиясы бар адамдардың азырақ тұтынғаны жөн. Себебі жүгері экологиясы ластанған аудандарда және химикаттардың көмегімен өсірілетіндіктен аллергия туындатуы немесе оны өршітіп жіберуі мүмкін. Сондай-ақ асқазан-ішек жолының аурулары болса жүгері мен попкорнды жемеген абзал.
 
Дереккөз: http://notefood.ru/produkty/top-poleznyh-produktov/polza-i-vred-popkorna.html


Жаңалықтар