14 Декабрь
06:33
Астана: -24 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
10 шілде 10:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Поштаны ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары жеткізетін болады
Швейцарияда поштаны ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары жеткізеді. Әзірге бұл тек сынақ қана. Арнайы құрылғы салмағы бір келіден аспайтын шағын жүктер мен хаттарды 10 шақырымға дейінгі қашықтыққа еш қиындықсыз жеткізуде.



Бұл сынақ шілденің аяғына дейін жалғаспақ. Ал бағдарламаны толық іске асыру үшін кемі 5 жыл қажет. Осы мерзім ішінде жүйені жетілдіруге қатысты барлық мәселелер шешіліп бітуі тиіс. Айта кетейік, Швейцария билігі ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын ең алдымен төтенше жағдайларда қолдануды көздеп отыр. Мәселен, табиғи апат салдарынан зардап шеккен аймақтарға дәрі-дәрмек пен ең қажетті деген шағын жүктерді жеткізуде бұл құрылғылар таптырмас құралға айналары сөзсіз.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    578
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии