21 Август
08:48
Астана: 9 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
11 қазан 15:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

PPAP супер-хитына қазақша пародиялар (ВИДЕО)




Жапондық музыкант Piko-Taro жариялаған «Pen Pineapple Apple Pen» әні бүгінгі таңда бүкіл әлемге кеңінен таралып, супер-хитқа айналғаны баршымызға белгілі.

2016 жылы 25 тамызда жарияланған Youtube желісінде қаралу рейтингі бойынша әлі күнге дейін бірінші орында тұр. Кейбір желі қолданушылары ойдан шығарылған кейіпкердің орындауындағы PPAP хиты кезінде әлемге танымал болған «Gangnam Style» бейнебаянына бәсекелес бола алады деген пікір білдіруде.

Бұған қоса, әлемнің түкпір-түкпірінде аталмыш хитқа пародиялар жасалып, олар көпшіліктің көңілінен шығып жатқанын да атап өткен жөн. Пародия мәселесіне келгенде, қазақстандықтар да бұдан құр алақан қалмай, өз үлестерін қосып келеді.

Солардың бірін "Алдараспан" әзіл - сықақ театры 6 қазанда Youtube-та жариялаған болатын. 



Видеодан көріп отырғанымыздай, басты кейіпкер бұл жерде қазақтың ұлттық тағамдары "Қазы-қарта" мен бешпармақтың тұздық сорпасын тілге тиек етіп, жеңіл әзілге бой ұрған. Бұл туынды жапондық түпнұсқаның "таза қазақи" нұсқасы десек қателеспеспіз.

Супер-хиттың қазақ тіліндегі екінші пародиясын jomartzj атты азамат 9 қазанда жариялаған болатын. Бұл нұсқаның алдыңғысынан ерекшелігі, негізінен қазақ тіліндегі қос сөздер мен туынды түбірлерді басшылыққа алған. Және соңғы нұсқада, сөздердің мағыналары әзілге құрылған фотолармен сүйемелдеп отырғаны әсерлі де қызықты шыққан секілді. Қысқасы, бағасын өздеріңіз бере жатарсыздар, құрметті көрермен қауым!!!




Естеріңізге сала кетейік, РРАР хиты желіде тарала бастаған алғашқы аптада-ақ оның мына төмендегі орыс тілінде "РУЧКО - АНАНАСОВО - ЯБЛОЧНАЯ РУЧКА" деп аталатын қазақстандық нұсқасы пайда болған еді. 





Айдар Жанай

 
нравится:    1204
Теги: Главная, Әлеуметтік желі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии