24 Ноябрь
11:30
Астана: -6 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Мәдениет
9 ақпан 15:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Продюсер Жадоның киножобасына МС Сайлаубек басты рөлді сомдамақ


Қазақстандық танымал дизайнер, продюсер Жадо (Jado) дебютант режиссер Динияр Мекеновпен бірге Алматыда комедия түсіреді. Басты рөлді әнші Серікбол Сайлаубек сомдайды, деп хабарлайды BNews.kz. Түсірілім ұжымының айтуынша, фильм мамырдың аяғына қарай көрермендерге жол тартады. 

Фильмнің атауы – «Серік бол». Оқиға желісі Бақанас ауылынан басталып, ақыр аяғында қала тіршілігімен жалғасады.

«Биыл жаңа фильмді қолға алып отырғанымызға өте қуаныштымын. «Тыйым салынған билерден» (А.) кейін біраз уақыт өтті. Келесі туындымыз да жоғары деңгейде болады деп күтеміз. Ауылда келін бола алмаймыз деп алдын-ала айтып жүретін қаланың қыздары туралы комедия түсірмекпіз. Дәстүрлердің өміршеңдігін көрсетіп, оны барлық қыз балалар білуі керек екенін айтқымыз келеді. Басты рөлді Серкібол Сайлаубек ойнайды. Оның талантына еш күмәнім жоқ. Серікбол осы жолы өзін актер ретінде көрсетеді»,- дейді продюсер Жадо.

Сонымен қатар, бұл фильмде Абай Бегей, Мұрат Бисембин, Ернар Айдар, Талғат Жорабаев, Асхат Торғынов, Өмірқұл Айниязов, МС Сайлаубек және т.б. түседі.
нравится:    879
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии