|    |  
12 желтоқсан 2018
12:26
қаз
​Психолог ең мықты ер азаматтың қандай болатынын айтты
20 қараша, 16:50 150
Психолог  Михаил Лабковский ең мықты дейтін ер азаматтың қандай болатынын айтты. Ол бұл туралы желідегі парақшасында жазған.


 
«Мықты еркек – өзінің ер екеніне мазасызданбайды. Өзгелердің өзі туралы не ойлайтынына қатысты басын қатырмайды. Сондықтан мұндай ер азамат ә дегенде сізді таңғалдырмауы мүмкін. Ол өзі үшін құнды, өзін бағалайды. Сондықтан өзін машина, сағат немесе басқа да дүниелер арқылы дәлелдеуге тырыспайды. Ол агрессивті емес. Себебі үнемі соғысқа дайын жүру – шын мәнінде бәрінен қорқатындардың тірлігі. Өмір сүру үшін қорқады. Нағыз ер азамат өзінің қандай күшті екенін әлемге дәлелдемейді. Сондықтан мансапқа келгенде ол өзіне ұнаған іспен шұғылданады. Ол бас директор, тіпті бағбан болуы да мүмкін. Ол әйелдердің соңына жүгірмейді. Оған «жоқ» десе оның мысы басылмайды және әрі қарай жүгірмейді. Мықты еркек өзінің күшін өзгелердің алдында дәлелдемейтін болғандықтан да мықты. Ол өзіне жауапкершілік алады және сәтсіздіктері үшін ешкімді кінәламайды. Оның ойлап тапқан жаулары жоқ. Жаман ауа райы мен ұрысқақ әйелдерге шағым жасамайды. Мықты еркек – бұл өз-өзімен келісімде өмір сүретін және мифтік жетістіктерге емес, бақытқа ұмтылатын еркек»-дейді психолог. 
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар