19 Октябрь
16:39
Астана: 4 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
27 шілде 09:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Психолог кеңесі: жан жарасынан айығудың алтын ережесі

 
Адамдар көбінесе психологқа жанын жеген күйзелісті тыю, тұншықтыру үшін барады. Мазасын алған аурудан бірден айығып кеткісі келеді. Сезгісі, сезінгісі келмейді.  Ойы мен сана сезімін билеген сергелдеңнен жан қиналған сәтте-ақ құтылғысы келеді.
 
Себебі жан дерті – бұл түрлі сезімдер. Бұл - көрсеткіш. Адам тәнінің қай жеріне зақым келсе сол жері ауырады. Жан жарасы да солай.
 
Жан жарасы бірден ждазылмайды. Тән жарасы секілді оған да ауруды уақытша басатын дәрі жағуыңыз мүмкін. Басқа да амал-шара қолдануыңыз мүмкін. Бірақ жара барлық қорғаныс және қалыпқа келтіруші механизмдер іске қосылмайынша жазылмайды. Қанды жылдам ұйытып, жасушаны бір дегенде қалпына келтіре алмайтыныңыз сияқты. Барлығы өз жылдамдығымен өз уақытында болады.
 
Адам психикасы да осындай. Оған барлық кезеңнен өтуге мүмкіндік беру керек. Жараның жазылуын әдейі тоқтатуға (тырнауға), бірінен кейін бір дәріні жағып жылдам жазуға болмайды. Өзінің әбден ауырып айығуына мүмкіндік беру қажет.
 
Әлденені жоғалту ауыр. Айырылысу ауыр. Мазмұны жаман хабарлама ауыр. Жауап ала алмау тағы ауыр. Ауыр сөз ауыр. Қызғаныш ауыр. Бәрі ауыр.
 
Бұзан қашуға, құтылуға болмайды. Өткеру керек, сонымен өмір сүру керек. Ауыру керек. Тымаумен ауырсаңыз лимон қосылған шай ішіп жату керек. Дәл солай жандағы бұл ауырсынуды да, сол күйіңізді де қабылдау қажет. Сезіп отырғаныңды мойындау, айту керек. “Иә, мен қызғанамын», «Мен оны жоғалтудан қорқамын» және т.б. секілді. Сезу, жылау, ашулану, ашуды шығару қажет. Жан жарасынан айығу үшін де уақыт бөлу керек. Басқа шаруаны ысырмай, бегілі бір уақытты саналы түрде ауыруды сезінуге арнау керек.  
 
Адам психикасы қорғаныс механизмдерін өзі іске қосады. Бір ауырып тұрсаңыз өткенді сабырмен, салмақпен түсінесіз. Осыдан кейін жағдайды қабылдау, алға қарай жылжу сезімі пайда болады. Бұл сіздің о баста бірден алғыңыз келген дүние болатын.
Бұл рецепт біртүрлі болып көрінуі мүмкін. Бірақ өзіңіз де білесіз: ауруды уақытша басатын дәрінің әсері де уақытша. Ал дерт әбден жазылмайынша ауруын қоймайды.
 
Психолог Лилия Ахремчик.
 
Дереккөз: cluber.com.ua
нравится:    1306
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии