|    |  
16 қыркүйек 2019
17:28
қаз
Психологиялық тест: Ер адамды отырысынан таныңыз (Сүйіктіңіз қалай отырса, мінезі солай болады)
13 қыркүйек 2019, 09:37 143


1. Ізденімпаз: Өмірі ізденіс үстінде жүресіз, ылғи жаныңыз өзгерісті талап етеді. Өзгерістер үшін тіпті тәуекелге бел буудан бас тартпайсыз. Қиындықтардан қашпайсыз және өз дегеніңізге міндетті түрде жетесіз.

2. Реалист: Сәттілік қашан туады екен деп күтіп отыратын жандардың қатарынан емессіз. Барлық нәрсеге өз күшіңізбен етуге тырысасыз. Бос арман мен қиялға мән бермейсіз.

3. Философ: Сіз тыныштықты қалайсыз және тұйықтығыңыз да бар. Әр түрлі тақырыпта өзіңіздің ойыңызды қалыптастырғансыз. Ұзақ уақытыңызды ойлануға жұмсайсыз.

4.Актер: Сіздің бойыңызда бірнеше адам өмір сүретіндей. Көңіл-күйіңіз құбылмалы. Бірде өте суық болсаңыз, кейде адамдарға сыйлатын жылуыңызда шек жоқ. Кез келген жерде өзіңізді көрсете аласыз.

5.Финансист: Сіз тек есепке сүйенесіз. Сізді логика емес, фактілер қызықтырады. Сіздің ойыңызша, эмоция –әлсіздіктің белгісі.

6.Романтик: Сіз шынайы өмірден гөрі арманның құшағында өмір сүруды жөн санайсыз. Күнделікті тірліктен шаршағаныңызда армандай отырып тынығасыз. Сезім сіз үшін бірінші орында.


Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан  


Жаңалықтар