|    |  
24 қазан 2019
04:00
қаз
Психологиялық тест: Шашыңыздың түсі қандай? (Бұл сіз туралы қандай сыр айтады)
08 қазан 2019, 11:47 127

Сары түсті еркіндікті қалайтындар және арманы биік, қиялға берілгіштер ұнатады. Олар күтпеген оқиғаларды жақсы көреді. Үнемі ізденісте жүреді. Мұндай мінезді адамдардың маңайында көбінесе әзілге жақын адамдар жүреді. Тың идеяларды талқылып, ой таразысына салғанды жаны қалайтын адамдар өзгені тыңдап, өз пікірін де ұмыт қалдырмайды. Бірақ кейде жауапкершіліктен қашады. Бұл өзін еркін сезінгісі келетін әрекеті.

Алқызыл, қызғылт түс нәзіктіктің белгісі. Көбінесе бұл түсті балалы болуды қалайтын әйелдер ұнатады. Айналасындағылардан қорғанып, тыныш өмірді қалайтын жандар алқызыл түске құмар. Олардың мінездері жұмсақ келеді.

Қызыл қоңыр түсті ұнататындар өмірден мол тәжірбие алған жандар. Оның өз тәртібі бар, ойы кемелденген адам. Бұл түсті қалайтындар байсалды мінезімен тартымды келеді.

Қара түсті көбіне жұмбақ, құпия болуға тырысатындар жақсы көреді. Олар өзінің ойын көп жерде айтпайды. Жасыруға тырысады. Қара түсті таңдайтындардың шын мәнінде жан-дүниесі бостау келеді дейді психологтар.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасы 


Жаңалықтар