22 Апрель
14:21
Астана: 14 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 326.17
EUR/KZT: 401.25
RUB/KZT: 5.31
CNY/KZT: 51.84
Кербез
7 сәуір 17:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Психологиялық тест: Ұлпаны қалай сиппаттар едіңіз? (Таңдауыңыз өзіңіз туралы құпияның сырын ашпақ)



1. Еңбекқор әрі жомарт
 
Сіз өте мықты және еңбекқор адамсыз. Таңертеңнен кешке дейін бір орында тапжылмай, қиын әрі күрделі жобамен айналыса аласыз. Бойыңызда тәуекелшілдік тұнып тұр. Қандай шешім шығарсаңыз да, тек жақсылығын көруге тырысасыз. Бір көрген кісі сізді еңбексүйгіш деп бағалайды, олар қателеспейді де. Бірақ сіз жұмысыңызға деген шексіз махаббатыңыз арқылы өзге еңбекқор жандардан ерекшеленіп тұрасыз. Ойға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбей тынбайсыз.
 
Сіз жомарт әрі жанашыр жансыз. Жаныңыз қайырымдылық пен мейірімділікке бай. Сіз үшін нағыз адам – өзгелерге қол ұшын соза алған жан.
 
2. Талғампаз әрі тәкаппар
 
Сіз талғампазсыз және қатарыңыздан озық жансыз. Күні бойы жаңа да тың жобалар мен идеяларды дамыту үшін қозғалмай отыра аласыз. Әрдайым жаңа нәрселерді ойлап табуды жақсы көресіз. Жұмыста да, басқа кезде де кез келген істі байқап көргіңіз келеді. Заттардың құпиясын ашу үшін ұзақ әуреленіп, тәжірибе жасағанды жаныңыз сүйеді.
 
Әлемдегі ең жақсы адам екеніңізді көрсеткіңіз келеді. Барлығы сізді біртуар тұлға ретінде қабылдағанын қалайсыз. Алғаш көрген жан сізді көрсеқызар, кейде ептеген тәкаппар деп ойлайды. Бірақ Сіз кез келген нәрсенің сапалысын ғана таңдайсыз, ең жақсысын ғана алғыңыз келеді.
 
3. Ізденімпаз психолог
 
Сіз барлығын білуге құмарсыз, талабыңыз таудай. Өмірге сұрағыңыз көп, барлығының жауабын табуға ұмтыласыз. Біреу сізге өмір жолын айтып беремін десе, басқаға бас бұрмай отырып, тәулік бойы тыңдауға әзірсіз. Бірінші көрген кісіге сабырлы да салмақты, қарапайым жан екен деген ой қалдырасыз. Бірақ, шын мәнісінде өте белсенді адамсыз. Барлығын санада сараптап, мида қорытасыз. Адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын меңгеруге құштарсыз.
 
Жаңалық іздеп шарқ ұруда жанкештілік көрсетесіз. Бейтанысқа беймаза жан боп таныласыз.
 
4. Парасатты романтик
 
Сіз шығармашылық адамысыз әрі арманшылсыз. 24 сағат бойы ой үстінде отыра аласыз. Қиялыңыз ұшқыр, ойыңыз әрдайым әлемді шарлап жүреді. Сапар соңында қадамыңыз басталған жерден табылмайсыз. Бір көрген жан көп қырлы екеніңізді байқайды. Айналаңыздағы әлемді қаншалықты ұмытып кететін болсаңыз, ойыңыздан да соншалықты адасасыз. Санаңызда әрқашан адам ойына келмеген жақсы нәрселер өмір сүреді, тек соны жазып не есте сақтап алатын зейін жетіспейді.
 
5. Білімқұмар ғалым
 
Қажырлы әрі біртуар жансыз. Күні-түні қиын да күрделі кітапты оқып, қозғалмай отыра аласыз. Идеялар әлемінде адасып кетуге де бел буасыз. Бірақ олар жұмбағы мен тылсымы көп болған сайын, сізді қызықтыра түседі. Бір көрген жан сізді әлемде не болып жатқаны мүлдем қызықтырмайды деп ойлайды. Іс жүзінде, өте әуесқой кісісіз. Өзіңізді қызықтырған нәрсе жөнінде профессорлардан да озып, толығымен түсінбейінше оқи бересіз.
 

Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан 
нравится:    158
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии