19 Ноябрь
22:15
Астана: -2 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Спорт
12 қыркүйек 16:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ПСЖ президенті клубтың еурокубоктан кетуін күтіп жүргендерге жауабын берді
Франциялық ПСЖ президенті Нассер Эль-Халаифи УЕФА-ның қаржылық фейр-плейге қатысты жүргізіп жатқан зерттеулерінде клубтың қиындықтары жоқ деп айтты.



«Клубтың табысын көбейту үшін соңғы  жылдары біз көп еңбектендік. Нәтижесінде, табыстарымыз билет сатылымдары, спонсорлық контракт, мерчендайзинг, Теледидар  арқылы көбейіп жатыр.

Оларды 20-40% пайызға дейін ұлғайту жоспарлануда. Себебі, фейр-плейдің қаржылық сұранысына сәйкес болу үшін, 2018 жылдың  30 маусымына дейін уақытымыз бар. Сондықтан, барлықтарыңызға айтарым: терең дем алып, жұмыстарыңызды жалғастыра беріңіздер. Ал біз проектінің дамуын әрі қарай ойластырамыз.

Басқа клубтар біздің істеріміз тергеуге алынсын деп қысым көрсетіп жатыр, бірақ УЕФА бұл қысымға көнбейді деген үміттемін. Ол жақтың адамдары өз істерінің мамандары деп 100 пайызға сенімдімін. Біз барлық клубтарға сыйластықпен қараймыз  және өзімізге де сондай жауап күтеміз. Барлық заңдар мен шарттарды сыйластықпен қабылдаймыз»,-  дейді Эль-Халаифи.

Айта кетсек, осы жазда ПСЖ 222 млн еуроға Неймарды Барселонадан сатып алды. Соған қоса 180 млн еуроны 2018 жылдың жазында төлеуді жоспарлап, қазіргі уақытта Монако Килианнан Мбаппені уақытша жалдауға алды.

Дереккөз: iSport.ua

 
нравится:    42
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии