20 Ноябрь
15:40
Астана: -1 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
17 қараша 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Пулитцер премиясы кімдерге беріледі?

Пулитцер премиясының негізін 1903 жылдың 17 тамызында америкалық газет және баспа магнаты Джозеф Пулитцер қалады. Оның көлемі 10 мың АҚШ долларын құрайды. Түрлі жылдары премия: Эрнест Хэмингуэй, Сол Белоу, Маргарет Митчелл, Джон Стейнбек, Уильям Фолкнер секілді жазушыларға берілген. 
Сонымен Пулитцер премиясы дегеніміз не?

Пулитцер премиясы – америкалық журналистика мен әдебиеттегі, музыка мен театрдағы ең беделді сыйлықтардың бірі. Премия 1903 жылдың 17 тамыз күні «саржағал баспасөз» жанрының негізін қалаушы Джозеф Пулитцердің (1847-1911) мұра бойынша өсиетхатын әзірлеу кезінде құрылды. Пулитцер премиясын 1917 жылдың мамыр айынан бастап бере бастады.

Пулитцер премиясы магнаттың қайтыс болуынан соң құрылған инвестициялық қордан қаржыландырылып отырды. 1970 жылы тағы бір қор құрылып, оған мәртебелі премияны жалғастыру үшін қосымша қаражат тартылды.

Пулитцер премиясын табыстау кезінде «Қоғамға қызмет ету» номинациясы ерекше атап өтіледі. Номинантқа ақшалай сыйлықтан бөлек алтын медаль беріледі. Сыйлық «қоғамға қызмет етудің үздік үлгісі» үшін табысталады.

Номинация саны жылдар бойы көбейіп отырды. Мәселен, 1922 жылы үздік карикатура бойынша, 1942 жылы үздік фотография бойынша, 1943 жылы үздік музыка бойынша, 1999 жылы журналистік зерттеу бойынша номинациялар пайда болды. 2006 жылы онлайн-контент ішінде де байқау жүргізіле бастады. 2009 жылы журналистер баспа газет-журналдарда жарияланған материал үшін де, интернетте жарияланған материал үшінде Пулитцер премиясын ала бастады.

Қазіргі таңда премия 25 номинация бойынша берілсе, оның 14 журналистикамен байланысты. Әдеби премия 6 номинация бойынша беріледі: «Америкалық жазушының мейлінше Америка туралы жазған көркем кітабы үшін»; «Құрама штаттардың тарихы жөніндегі кітап үшін»; «Америкалық автордың биографиясы мен автобиографиясы үшін»; «Өлеңдер үшін», «Көркем емес әдебиет үшін»; «Үздік драма үшін». 1920, 1941, 1946, 1954, 1964, 1971 және 1974 жылдары әдеби премия лайықты үміткер болмауы себебінен ешкімге берілген жоқ.

Премияны беру жөніндегі шешімді кім қабылдайды?

Премияны Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетіне қарасты Пулитцер комитеті береді. Ол 19 эксперттен: бес баспа маманы, алты редактор, алты ғалым (оның ішінде университет президенті мен журналистика факультетінің деканы да бар), бір колумнист және премия әкімшісі.

Алғашқы лауреат кім?

1917 жылы премияны алғаш болып америкалық журналист Герберт Байярд алды. Ол бұл сыйлыққаNew York World газетінде бірнеше сериямен жарық көрген Германия империясы жайлы материалдары үшін қол жеткізді. 

Дереккөзі:el.kz
нравится:    734
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии