20 Сентябрь
00:49
Астана: 10 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Әлем жаңалықтары
12 тамыз 11:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Пушкиннің ұрпағы әлемдегі ең жас миллиардер атанды

Орыс ақыны Александр Пушкиннің ұрпағы, герцог Хью Гросвенор 25 жасында әлемдегі ең жас миллиардер атанды. Ол әкесі герцог Джеральд Гросвенор қайтыс болғаннан кейін оның мұрасын иеленген. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Басылым бұл туралы 11 тамызда, бейсенбі күнге жасаған әлемнің ең бай 400 адамы туралы рейтінгіне жазды.

Ұлыбританияда ең бай адамның қайтыс болғаны туралы мәлімет 9 тамызда белгілі болған. Джеральд Гросвенор 64 жасында дүниеден озды. Ол Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімінде 68-ші болған (13 миллиард доллар), ал Ұлыбританияның ең бай адамдарының тізімінде үшінші болған.

Агенттік оның анасының ақынның ұрпағы екенін нақтылайды. Bloomberg мәліметінше, Джеральд Гросвенор 1978 жылдан бері Пушкиннің ұрпағы болып саналатын Наталии Аише Филипспен некеде тұрған. Джеральд пен Наталидің Хьюден басқа тағы үш баласы бар, олар: Тамара, Эдвина және Виола.

Гросвенорлар әулетінің сонымен қатар таққа да қатысы бар. Хью Гросвенор Уильям ханзада мен Кейт Миддлтонның ұлы Джордж ханзаданың өкіл әкесі.

 
нравится:    785
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии