17 Декабрь
08:21
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
2 қыркүйек 12:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Путин 11 жастағы балаға доллардың өсу себебін түсіндірді
1 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі дарынды балаларға арналған орталықта болды. Оған 11 жастағы оқушы қызықты сұрақтар қойды, - деп хабарлайды "Россия-24" телеарнасы.



Президенттің қасына келген бала "рубльдің түсуі нені білдіреді, неліктен Ресей экономикасы үшін "барлығы жаман ", "Доллар неліктен өсіп жатыр, ал біз оның өсуіне неліктен жол береміз? Барлығы неліктен қымбаттап жатыр?", - деген сұрақтар қойды.
"Барлығы емес, - деді Путин оған. - Біздің экспорт арзандап жатыр". Дегенмен бала ұлттық валютаның түсуін неліктен тоқтатуға болмайтынын сұрады.
Путин тоқтатуға болатынын, дегенмен мұның нарықтық шараға жатпайтынын айтты. "Біз бұл жағайды нарықтық емес әдіспен бақыламаймыз, егер біз бұлай етсек, онда қорымыздағы алтын азайып кетеді. Мұның барлығы дұрыс болуы үшін Центробанк бағамды аздап жіберуі керек. Рубльді мұнай мен газ бағасына тікелей тәуелді болмайтындай ету керек", - деді Ресей президенті.
Әңгімелесіп болғаннан кейін Путин қызығушылық танытқаны үшін балаға алғыс айтып, оған сәттілік тіледі. Оның айтуынша, Денис мемлекет басшысының айтқандарын түсінді.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    904
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии