23 Август
19:34
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
22 маусым 10:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Путин КГБ-ға жұмысқа қалай кіргенін айтып берді


Ресей Президенті Владимир Путин мектеп бітіруші түлектердің сынып жетекшілерімен кездесу барысында КГБ-ға қалай жұмысқа тұрғанын айтып берді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Мен жай ғана КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) қабылдауына бардым. Ешқандай тамыр-таныссыз, көшеден, мен жұмысшылар отбасының мүшесімін ғой, жоғары жақта ешқандай байланыстарым болған жоқ. Қайда баруым керек? Мен тікелей қабылдау бөлмесіне бардым», — деп әңгімелейді президент.

Путиннің айтуы бойынша, оған алдымен университете заңгер мамандығы бойынша білім алуға кеңес берген.

«Сол сәттен бастап мен физика, химия, математикамен шұғылдануды тоқтаттым. Жай ғана тоқтаттым», — дейді Путин.

Ресей Президенті осыдан кейін заң факультетіне оқуға түскенін айтты. «Бірақ мен бұған дейін ұшқыш болғым келген. Мен ұшқыштардаярлайтын училищеге де бардым, дәлізін аралап, жай ғана қарап танысып шықтым. Осыдан кейін мен өз өмірімнің қай арнамен ағатынын көз алдыма елестеттім. Соңында бұл өте қызықты болатынын түсіндім», - деді ол.


Дереккөзі: РИА Новости
нравится:    195
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии