Әлем жаңалықтары
18 қыркүйек 10:51
Путин Қостанай облысы әкімінің есімін естіп, таңырқады
Ресей президенті Сочиде өткен Шекаралық ынтымақтастық форумында Қостанай әкімі Архимед Мұхамбетовты таныстыру кезінде, ерекше есіміне таң қалды.



«Қостанай облысы, Архимед Бекежанұлы. Архимед па?» – деп қайта сұрады Ресей президенті. Әкім есімі расымен Архимед екенін айтқанда, Путин таңырқап қалды.

«Жарайды, Архимед, сөз сізде», – деп Ресей президенті әкімге сөз кезегін берді.



Айта кетерлігі, Архимед Мұхамбетов 2015 жылдың 11 қыркүйегінде Қостанай облысының әкімі болып тағайындалған.

Дереккөзі: nur.kz

Комментарии

  • еееее2015-09-18 15:33:26
    Осы да жазатын жаңалық болып па енді. Ұят жоқ екен. Путиннің қасы-қабағын аңдығаннан басқа тірлік жоқ па сендерде?



Яндекс.Метрика