22 Август
14:58
Астана: 27 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
15 наурыз 09:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Путин Сириядан Ресей әскерді шығаруға бұйрық берді
РФ президенті Владимир Путин наурыздың 15-нен бастап Сирия жерінен Ресей әскерлерінің негізгі күшін шығару жөнінде бұйрық берді. Бұл туралы ТАСС дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.
15-03-16-put_shoy

Путин осыған байланысты бұйрықты кеше, 14 наурыз күні қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдау кезінде берді.

«Қорғаныс министрлігі өзінің алдына қойылған міндеттерді толығымен орындады деп есептеймін», – деді мемлекет басшысы. Ол сондай-ақ Ресей әскери күштерінің шығарыла бастауы Сириядағы саяси келісім процесі үшін жақсы ынталандыру бола алатынына үміт артатынын білдірді.

«Біздің Тартустегі теңіз әскери күштерінің, Хмеймим аэродромындағы авиация күштерінің базалық бекеттері бұрынғы режимінде жұмыс істеп тұра береді. Олар құрғақтан да, теңізден де және әуеден де жақсы қорғалып тұруы тиіс», – дегенді қосты бұған Путин.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Ресей әскери күштерін шығару Сирия лидері Башар Асадпен келісу арқылы жүзеге асып жатқанын жеткізді. Екі елдің президенттері бұл жөнінде телефон арқылы сөйлескен сөздерінде келісімге келген.
нравится:    822
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии