19 Август
15:12
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Туризм
31 наурыз 16:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Qazaq Air Алматы-Қызылорда бағытында жаңа рейс шығарады
Жазғы навигация кестесіне көшуіне байланысты "Qazaq Air" әуе компаниясы 2016 жылдың сәуір айының 9-нан бастап, Алматы – Қызылорда бағытында жаңа тұрақты рейсін ашады, деп хабарлайды Today.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның оңтүстіктегі астанасы мен Қызылорда облысының орталығын байланыстыратын жаңа рейс аптасына екі мәрте, сейсенбі және сенбі күндері орындалатын болады. Сонымен қатар, әуе компания Қызылорда бағытындағы рейстердің санын болашақта ұлғайтуды жоспарлап отыр. Барлық ұшулар заманауи, ыңғайлы, әрі өзін қысқы навигация кезінде жақсы қырынан танытқан, Bombardier Q400NextGen әуе ұшағында орындалатын болады.

Алматы және Қызылорда қалалары арасында бір бағытта ұшу билет құны барлық алымдарды есепке алғанда 12 497 теңгеден басталады. Ал ұшу уақыты 1 сағат 45 минутты құрайды.

"Әуе компанияның жаңа бағдар бойынша тұрақты рейстің ашылуы аймақтағы әуе тасымалының дамуына өз үлесін қосады деп үміттенеміз", – деп "Qazaq Air" АҚ-ның Коммерциялық директоры Адель Дәулетбек мырза атап өтті.

Алматы – Қызылорда рейсі әуе компанияның барғдарлар желісін толықтыра түседі. Бүгінгі таңда Qazaq Air әуе компаниясы Алматыдан Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар және Талдықорған қалаларына рейстерді орындайды.
нравится:    721
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии