17 Декабрь
23:33
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
14 қыркүйек 12:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Qazaq Air» Қазақстан аумағында өзінің бағдарларын кеңейтті
«Qazaq Air» қазақстандық әуе компаниясы өзінің аймақтық әуе қатынастары желісін кеңейтті.Атап айтқанда, әуе компаниясы 2015 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қостанай облысын еліміздің оңтүстік астанасымен байланыстыратын жаңа бағыт ашады.
Алматы - Қостанай рейсінің ұзақтығы  2 сағат 35 минут. Бұл бағдар сыйымдылығы 78 орындықтан тұратын Bombardier Q400 жаңа ұшағында орындалады.



Ұшудың құны әуежай алымдарын қоса алғанда бір бағытқа 15 496 теңгеден басталады, ал қызмет көрсету санаты -  эконом класс. Сапарларды қазірден бастап әуекомпаниясының www.flyqazaq.com сайтында және әуе агенттіктерінде брондауға болады. Мұнымен қоса, әуекомпаниясы жақын арада Қазақстанның батыс аймағында келесі жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр:
Олар - Шымкент - Ақтөбе;  Ақтөбе - Атырау;  Қостанай - Ақтөбе.
Айта кетейік, «Qazaq Air» АҚ  Қазақстандағы аймақтық бағыттар бойынша қызмет көрсететін жаңа әуекомпаниясы. Оның акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі.

Дереккөзі: ҚазАқпарат 
нравится:    794
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии