17 Октябрь
15:31
Астана: 17 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.03
EUR/KZT: 392.61
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.54
Әлем жаңалықтары
27 маусым 16:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Рамазан айының соңында қажылар саны рекордтық көрсеткішке ие болмақ


Қасиетті Рамазан айының соңына таман Мекке қаласына келген қажылар саны рекордтық көрсеткішке ие болмақ. Сауд Арабиясының Қажылық министрлігінің болжамы бойынша, олардың саны 6 миллионнан асып жығылмақ, деп жазады muslim.kz.
«Рамазанның соңғы 10 күнінде келушілердің саны күрт артады. Біз қажылардың діни рәсімдерді еш қиындықсыз атқаруына барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын боламыз», - делінген Қажылық министрлігінің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Сауд Арабия билігі жақында корольдік әлеуетін арттыруға бағытталған «Келешек-2030» стратегиялық бағдарламасын жариялаған болатын. Аталмыш құжатта қажылық индустриясын дамыту жолдары да қарастырылған.
Қазіргі уақытта корольдік қазынасына қажылық индустриясынан жыл сайын 12 млрд. доллар түсіп отырса, бұл көрсеткіш 2030 жылы 53  млрд-тан асып түспек.
 
 
нравится:    707
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии