20 Август
02:39
Астана: 11 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
30 мамыр 10:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Реал» Чемпиондар лигасы Кубогын ұтты
29-05-16-real-1

29 мамырға қараған түні Мадридтің «Реал» командасы осы қаланың келесі бір командасы – «Атлетиконы» ойын соңындағы пенальти арқылы ұтып, Чемпиондар лигасы Кубогын жеңіп алды. Бұл туралы ras.kz хабарлады.

«Реал» осымен аталмыш трофейді 11-ші рет ұтып алып отыр.

Италияның Милан қаласындағы «Сан Сиро» стадионында өткен ойын «Реалдың» пенальтилер сериясында басым болуымен аяқталды. Онда шешуші голды Криштиану Роналду салып, өз командасына жеңіс әперді. Сөйтіп, 11 метрліктің есебі 5:3 болды.

Командалар матчтың негізгі бөлігінде 1:1 есебімен тең ойнады. Алдымен «Реалдың» ойыншысы Серхио Рамос мергендігімен танылды. Ол 15-минутта есеп ашты. Кездесудің 79-минутында «Атлетико» футболшысы Янник Феррейра-Карраско таразы басын теңестірді. Ал 48-минутта атлетиколық Антуан Гризманн пенальтиден гол сала алмады. Доп Кейлер Навас қорғаған қақпаның маңдайшасына тиіп, кері қайтты.

«Реал» Чемпионлар лигасындағы (бұрынғы Чемпиондар кубогын қоса есептегенде) жеңісі саны бойынша рекордшы болып табылады. Команда Кубокты қатарынан бес рет жеңіп алған (1956-1960 жылдар аралығында) жалғыз жасақ болып саналады.
нравится:    598
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии