22 Август
03:48
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
27 қыркүйек 12:49
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресей ғылым академиясы Қыдырәлі Болманға ғылыми атақ берді

 
Бұл жаңалықпен ел азаматы өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Ассалаумағалейкүм қазақ елі! Осыдан 5 жыл бұрын ғылыми диссертация жазып, зерттеу жұмыстарымен айналыса бастадым. Әрине ғалымдардың жетекшілігімен. Аяқ астынан ғалым болайын демедім. Балалар ойыншығын шығара бастағанымда да мақсатым ойыншық сату емес, ұрпақ тәрбиесіне ат салысу еді. Балалармен жұмыс істейтін балабақша әдіскерлеріне  ғылыми негіздегі әдістемелер жасауды көздедім. Мектеп жасына дейінгі балаларды тек қана ғылым ережелерiмен, ғылым қағидалары бойынша дамытып, тәрбиелеу, педагогика, этнопедагогика, этнопсихология ғылымдары негiзiнде Білім министрлігінің мектеп жасына дейiнгi балаларды тәрбиелеу жүйесін жасай отырып, алтын қазық қағып тастау еді түпкі мақсат. Ондай үлкен iстi ғылымсыз жасау –ақымақтық! Монтисоридан бастап, небiр әлем ғалымдарын оқып, оқығанымды зерттеп, өз ғалымдарымызбен бірге ғылыми диссертация жазып, оны Ресей ғалымдарының алдында қорғап шықтым. Диссертация қорғағаннан кейін Ресей Академиясы халықаралық PgD докторы ғылыми дәрежесін берген болатын. Этнопедагогика ғылымында менің жұмыстарым "ноу-хау" технологияланған ғылыми зерттеу ретінде, жаңалық ретінде аталып өтті. Бір жыл толмай жатып, ресейлік ғалымдар мониторинг жасатып, менің басқа да жұмыстарымды зерттеп, назар аударып, бағалап, осындай марапатты шақырту жіберіп отыр. Біздің шенеунiктер марапаттамақ түгілі фамилиямызды да сұрамайды. Үкімет  "заслуженныйын" бермесе де, Англия патшайымының орденін, Ресей ғалымдарының марапатын бергізіп, абыройымды асқақтатып отырған Аллаға сансыз мадақ!»-деп жазған.


 
Шақырту қағазында Қыдырәлі Болманға Ғылым академиясының «Білім мен ғылымға еңбек сіңірген қызметкер» атағын бергені хабарланған. Ал марапаттау рәсімі алдағы қазан айының 9-12 жұлдызында Сочи қаласында өтеді. Құтты болсын дейміз!
нравится:    965
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии