22 Сентябрь
14:14
Астана: 9 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
14 желтоқсан 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресей кемесі түрік сейнеріне қарсы оқ атты




Эгей теңізі акваториясында түрік сейнері Ресейдің «Сметливый» күзет кемесіне таранға келе жатқанында, қарсы оқ атылып тоқтатылады. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасы хабарлады.

«Ресейдің «Сметливый» кемесі түріктің балық аулаушы кемесінің өзімен соқтығысуының алдын алды. Бұл кезде Ресейдің күзет кемесі Эгей теңізінің солтүстік бөлігінде зәкір тастап тұрған болатын. РФ қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, Мәскеу уақытымен таңғы тоғыз кезінде оң жақ борттан өзіне қарай жақындап қалған корабль көрінеді. Оның өз кемесіне келіп соғуынан сақтанған Ресей жағы түрік кемесімен радиобайланыс жасап көреді, бірақ жауап болмайды. Сосын жарық семафор мен сигнал ракеталарын пайдаланады. Алайда, түрік жағы бұларға да ешқандай назар аудармайды.

Нәтижесінде екі ара 600 метрге дейін жақындайды. Сол кезде келе жатқан кеменің келіп соқпауы үшін Ресей кемесі атыс қаруын іске қосады. «Осыдан кейін түрік кемесі бірден кілт бұрылып, Ресей жағымен ешқандай байланысқа шықпастан, кете барады», – деп түсіндірді ведомстводағылар.

Осыған байланысты РФ қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов Түркияның Ресейдегі елшілігі жанындағы әскери атташені шұғыл өзіне шақыртты, деп хабарлайды «Россия 24».

Дереккөзі:  ras.kz
нравится:    759
Теги: Саясат, Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии