Спорт
25 шілде 11:53
Ресей құрамасы Олимпиадаға қатысатын болды


Халықаралық олимпиада комитеті  Ресей құрамасын   Олимпиада ойындарына қатыстыратын болды. Сондай-ақ ХОК Ресей атлеттерінің 2016 жылғы Олимпиадаға қатысуы туралы шешімді спорт түрлері бойынша халықаралық федерация қабылдайтынын атап өтті, деп жазады ТАСС.
Сонымен бірге осыған дейін допинг дауына іліккен Ресей спортшылары Олимпиадаға қатыса алмайтыны белгілі болды. 

Айта кетейік, бүгін британиялық танымал Daily Mail басылымы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) бүкіл Ресей құрамасын «мемлекеттік допингтік бағдарламасы» үшін жазалап отырғанын, ал ХОК-тың ұстанымы «допинг - спорт атаулыға жасалған шабуыл» екенін алға тарта отырып, ресейлік спортшыларды Олимпиада ойындарынан шеттететіні туралы жазады. Сондай-ақ, кейбір дереккөздер келтірген дәйектерге сүйенсек, Ресей спортшыларын тек Риодан ғана емес, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы олимпиада ойындарынан да шеттету мәселесі қарастырылып жатқаны айтылады.

Халықаралық олимпиада комитеті ресейлік спортшылардың Рио олимпиадасына қатысу-қатыспауы туралы шешімін шілденің 24 күні жариялады.

 

Комментарии




Яндекс.Метрика