20 Октябрь
01:57
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Спорт
14 маусым 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ресей мен Англия құрамалары Еуропа чемпионатынан шеттетілуі мүмкін

Футболдан Ресей мен Англия құрамалары Еуропа чемпионатына қатысу құқығынан айырылуы мүмкін. Еуропа футбол қауымдастығы одағының өкілдері екі команда жанкүйерлерінің қақтығысы қайталанатын болса, осындай қатаң шара қабылдауға дайын екенін айтып, ескерту жасады. Францияның Марсель қаласында Ресей және Англия құрамасы жанкүйерлерінің жаға жыртысуы 35 адамның жарақат алуымен аяқталды. Біреуі әлі хал үстінде жатыр. Бір-біріне жұдырық ала жүгірген жүгенсіздерді тарату үшін тәртіп сақшылары лажсыз көзден жас ағызатын газ қолданған. Виталий Мутко, Ресей Федерациясының спорт министрі: - Жанкүйерлер өз командасын қолдау үшін жиналған. Бірақ бәзбіреулер басқа мақсатпен келген. Енді олардың жеке тұлғасын анықтауымыз керек. Сонда бұл азаматтар ешқайда аттап баса алмайды және мұндай тосын жағдай туындамайды. Олар алда әлемдік доп додасын өткізетін еліміздің атына кір келтірді. Алайда өздерінің әбес қылығын сөкет көрмеуі қатты қынжылтып отыр. Жалпы еуропалық ала доп аламаны басталғалы қақтығыс толастар емес. 10 маусымда Англия құрамасының жанкүйерлері Марсель қаласының қақ ортасында бүлік шығарған болатын. 200-ге жуық мас адам алдымен жергілікті тұрғындармен төбелесіп, артынша мейрамхана мен барларға баса-көктеп кіріп, тас-талқанын шығарған. Ал күн бұрын Лилль қаласында Германия мен Украина құрамаларының жақтастары жаға жыртысты. Бас жарып, көз шығару көбейген соң Франция билігі зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін қатаң шаралар қабылдап жатыр. Елдің Ішкі істер министрі Бернар Казнев доп додасы өтетін қала басшыларын ішімдік сатуға шектеу қоюға шақырды. Бернар Казнев, Францияның ішкі істер министрі: - Бірнеше префектурада ішімдік сатуға, тасымалдауға және ішуге шектеу қойылды. Сондай-ақ былғары доп шеберлерінің кездесуі өтетін қалаларда жанкүйерлер жиналатын орындар мен стадион қасында арақ-шарап сатуға тыйым салынады. Ахуалға тек алаң иелері ғана алаңдап отырған жоқ. Ұлыбритания билігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Англия құрамасының ойындары өтетін қалада британдық тәртіп сақшыларының санын арттыруға сақадай сай екенін айтуда.


24.kz
нравится:    788
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии