Туризм
26 тамыз 17:02
Ресей мен Қытайды қанатты жол жалғайды
Ресейдің Үкімет басшысы Дмитрий Медведев Қытайдың  Хэйхэмен Ресейдің Благовещенско өңірін жалғайтын қанатты жол құрылысы жобасын дайындау туралы келісімге қол қойды. Осы жерде айта кетейік, Амур арқылы өтетін аталған жобаның талқылана бастағанына шамамен 20 жылдай уақыт өтті.



Аталған жоба екі Тарап өкілдері келісім жобасына қол қойғаннан кейін жүзеге асырыла бастайды. Ресей мен Қытай арасын жалғайтын мұндай қанатты жол жобасы туризм саласын дамытуға зор үлесін қосатын болады.



Бұған қоса, Хэйхэ мен Благовещенско арасында теміржол мен автокөпір салу жоспарланған.


Дереккөзі: http://tonkosti.ru/

Комментарии




Яндекс.Метрика