|    |  
16 желтоқсан 2018
20:03
қаз
Ресей ұшатын автомобиль құрастырмақ
07 тамыз, 11:01 1332
Ресейлік инженерлер өзгелерден ерекшелеп тұратын жеке аэромобилді құрастыру бағыттарында жұмыстар жүргізуде. Ресейлік ұшатын автокөлік қанаты болмайды. Құрастырушылар қанаттың орнына төрт винт  пайдаланбақ.
 
 
Фото: www.izvestia.ru

Псков мемлекеттік университетінің мамандары дайындап жатқан ұшатын көліктің тағы бір ерекшелігі ол механикалық бумен жұмыс жасайтындығы. Көлікті құрыстаруда композить пен алюминияны пайдалану арқасында оның салмағы небәрі тоннаны құрамақ.

Аталған көлікті қазір шығаруға біраз қиыншылықтар туып тұр екен. Өйткені қазіргі кезде аталған көлікке қажетті сыйымдылықты аккумулятор жоқ. Қажетті қуаттылықтағы электромоторлар өте ауыр. Ресейлік ұшатын автомобиль жобасына қажетті жабдықтарды шығару үшін кем дегенде 10 жыл кетеді деп отыр ғалымдар.
Егер осы технологиялық мәселелер өзінің шешімін табатын болса,  көлік  500 км дейін ара қашықтықты ұшып бағындырмақ.

Жалпы ұшатын көлік жобасы әлемде бар. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Terrafugia компаниясы ұшатын автокөлік ойлап тапқандығын жариялады.  Өткен жылы Австрияда көпшілік назарына ұшатын автомобиль ұсынылған еді.

kolesa.kz


 


Жаңалықтар