20 Октябрь
01:58
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
4 шілде 11:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресей зымырандары құлау үшін Қазақстан аумағынан жер бөлінді

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшатын "Союз" типіндегі тасымалдаушы зымыранның бөліктері түсетін жер үшін Ресей Қазақстанға жылына 460 мың доллар төлейді. Мұндай соманы "Наш Костанай" басылымына Қазақстанның инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау мәлімдеген.
 
Бұл төлем сомасы Қазақстан аумағына Ресей тасымалдаушы зымыранның қанша бөлігі түссе де сақталады.
 
"Мұнда мәселе бөліктердің құлау траекториясының өзгеруі жайлы болып отыр. Яғни, бұрын бөліктер Жезқазған жаққа құлайтын, ал енді Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының және Қостанай облысының Жангелді ауданының территориясына құлайды. Осы мақсатқа 63 мың гектар жер бөлініп отыр (630 шаршы шақырым - Авт.): 22 мың гектар Ақтөбе облысында және 41 мың гектар Қостанай облысында", - деді шенеунік.
 
"Мен депутаттардың сұранысы бойынша екі облыстың әкімдеріне хат жаздым, олар бөлінген қаражаттың облыста тұрақтап қалмай, аудан бюджеттеріне берілетінін айтты, сол жаққа зымыран қалдықтары құлайды. Бұл қаражат әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Мен картаға қарадым, ол жақта елді мекендер көп емес, сондықтан сол аудандарда тұратын адамдар әлеуметтік мұқтаждыққа қаражат ала алады", - деді вице-министр.
 
Альберт Раудың айтуынша, қазіргі уақытта республика парламентінде ресейлік тараппен Қазақстан территориясындағы жер учаскесін қолдануға беру туралы келісімді ратификациялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Бұл аймақтарға зымыран қалдықтары алдағы бір-екі жылдың көлемінде құлай бастайтын болады.
 
Ресей зымырандарының қалдықтарын қабылдайтын Жангелді ауданы Қостанай облысының оңтүстік-батыс бөлігінде. Ауданның аумағы - 37,6 мың шаршы шақырым, халық саны - 13 738 адамды құрайды.
 
Ал тура осы келісімнің 22 мың гектарын алып жатқан Ырғыз ауданы Ақтөбе облысында орналасқан. Ауданның аумағы - 41 500 шаршы шақырым, халық саны - 15 544 адам.

Дереккөз: baq.kz
нравится:    719
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии