Әлем жаңалықтары
9 наурыз 11:58
Ресейде адамдардың кесілген 52 қолы табылды


Амур өзенінде кесілген 52 адамның қолы табылды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Қолдарды балықшылар тауып алған.

Алдын ала деректер бойынша, мұнда ешқандай қылмыс белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама бюросының қызметкерлері медициналық қалдықтарды жою ережелерін бұзуы салдарынан кесілген қолдар өзеннен табылған.



Мәйіттерді танып, жеке бастарын анықтау мақсатында мәйітханада олардың кесіліп, саусақ іздерін алып, базада тексеріледі.
Ресейде қолданыстағы «Ресей Федерациясында азаматтардың денсаулығын қорғау негіздері туралы» федералдық заңға сәйкес медициналық қалдықтар санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тиісінше жойылуы немесе жерге көмілуі тиіс.
 

Комментарии




Яндекс.Метрика