12 Декабрь
02:44
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
5 маусым 15:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресейде ең көп арақ ішілетін қалалар белгілі болды
Краснодар, Уфа және Владивосток адам жанына шаққанда спирттік ішімдіктерді сату көлемінің рейтингі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды РИА Новости. Аталған зерттеуді стратегиялық коммуникациялар және әлеуметтік жобалар институтының қызметкерлері және «ФедералПресс» ақпараттық агенттігі жүргізді. «Біз тұрғындар саны бір миллион адамнан асатын Ресейдің ең ірі қалаларын таңдап, сондай-ақ бұл тізімге Қиыр Шығыстың ең ірі қаласы ретінде Владивостокты, тұрғындары санының қарқыны оны миллион қала қатарына үміткер ретінде санауға мүмкіндік беретін Краснодарды және зерттеуді түрлендіру үшін - қалған қалалардан айтарлықтай кіші, алайда Федерация субъектісінің астанасы болып табылатын Ханты-Мансийск қаласын енгіздік», - дейді зерттеу авторлары. 


Зерттеу жұмысы кесте ретінде берілген. Бұл жерде қалалар спирттік ішімдіктерді (сыраны есепке алмағанда) адам басына шаққандағы сату көлемі бойынша орналастырылған. Онда Федералдық статистика қызметінің мәліметтері қолданылды.
Зерттеуге сәйкес, Краснодардың қарапайым тұрғыны жылына 20,63 литр Уфа тұрғыны - 19,9 литр, ал Владивосток тұрғыны - 19,21 литр ішімдік сатып алады.

Ресейдің көптеген қалаларында бұл сан жылына 11-ден 15 литрге дейін. Яғни, зерттеу авторларының атап өтуінше, қаланың қарапайым тұрғыны екі аптада бір рет бір бөтелке ішімдік алады.

Мәскеу және Санкт-Петербор 18 қаладан тұратын тізімнің соңында тұр. Орташа статистикалық есеп бойынша мәскеулік жылына 7,5 литр, ал петерборлық - 8,38 литр ішімдік сатып алады екен.

Сыраны ішуге келетін болсақ, оны Самарада ең көп ішетіні белгілі болды (жылына 89,8 литр).
нравится:    730
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии