|    |  
11 желтоқсан 2018
18:33
қаз
Ресейде көпбалалы ата-аналардың қалаған уақытында ақылы еңбек демалысына шығуына болады
12 қазан, 15:34 45



Ресей Президенті Владимир Путин отбасында үш және одан көп балалары бар ата-аналарға өздері қалаған уақытда еңбек демалысын алу құқығын беретін федеральдық заңға қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат ресми порталында жарияланды.

Заң жобасын Мемлекеттік Думаның қарауына Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері комитетінің басшысы Тамара Плетнева енгізген болатын. Заң жобасы ФР Еңбек кодексіне 12 жасқа дейінгі үш және одан көп балалары бар жұмысшылардың жыл бойына өздеріне ыңғайлы уақытта өз қалауы бойынша ақылы еңбек демалысын беру туралы ережені енгізуді ұсынады.

Идея авторының пікірінше, көпбалалы ата-аналарға жыл сайынғы еңбек демалысын өз бетінше таңдау мүмкіндігін енгізу олардың бала тәрбиесіне белсенді араласуына мүмкіндік беріп, балалармен бірге өткізген «толыққанды демалыстан» кейін жұмысшылардың еңбекке деген ынтасы артуы ықтимал.

Мемдума төрағасы Вячеслав Володин атап өткендей, Еңбек кодексіне енгізілетін бұл түзетулер көпбалалы отбасылардың өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік бастама болып табылады.


Дереккөзі: РИА Новости 
 


Жаңалықтар