18 Декабрь
22:35
Астана: -20 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
9 маусым 11:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресейде несие жарнамасына тыйым салынуы мүмкін
"Справедливая Россия" фракциясының жетекшісі Сергей Миронов банк несиелері мен қарыздардың жарнамасына тыйым салуды ұсынды. Мұндай заң жобасын ол Мемлекеттік думаға 9 маусымда енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды "Известия" басылымы.




Құжатта несие мен қарыз жарнамасын таратуға азаматтарға 5 мың, ал жеке кәсіпкерлерге 50 мың рубльге дейін, заңды тұлғаларға 1 миллион рубльге дейін айыппұл салу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, банктер өз қызметтерін тек жеке кеңселерде жарнамалай алады.

Заң жобасын түсіндіру жазбасында "тұтыну несиелерін сыртқы жарнама, телевизия және радиотарату, SMS-хабарлама, қағаздар, жарнамалар арқылы кең жарнамалаудың жаппай әлеуметтік араздық туғызу мәніне ие" екені, ал "халықтың несиені жаба алмау мүмкіндігінің экономикалық мәселелердің елеулі факторы ғана емес, сонымен қатар жалпы әлеуметтік шиеленісуіне айналғаны" жазылған. 

Мироновтың пікірінше, "жарнама таратушыларға айыппұл салу бұл мәселені шешеді". "Справедливая Россия" фракциясының жетекшісі бұл қадамның қайтарылмаған қарыздар турасындағы арыздардың мөлшерін азайтуға, тұтыну несиелерінің төлем пайыздарының азаюына, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және олардың қаржылық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Дереккөзі: tengrinews.kz
нравится:    714
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии