|    |  
14 қараша 2019
08:20
қаз
Ресейде тағы бір қаржы пирамидасы жойылды
27 тамыз 2018, 15:37 48


Ресейдің Пенза қаласында 3 мыңға жуық адамды алдап, миллиард Ресей рубльін иемденген қаржы пирамидасы жойылды.

Полиция қызметкерлері қылмыстық топты құрған 4 адамды тұтқындады, деп хабарлайды РФ ІІМ ресми өкілі Ирина Волк.

— Келтірілген шығындарды өтеуді қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық іске қатысы бар азаматтардың 22 жылжымайтын мүлік объектісі тұтқынға алынды, — деп мәлімдеді Волк.

Қаржы пирамидасы 2012 жылдан бастап қызмет етіп келген. Оның белсенді қатысушылары БАҚ-та жарнама жасап, жергілікті тұрғындарға жоғары дивидендтер төлеуге уәде беріп келген. Мәселен, олар салымшылардың инвестициялары жылжымайтын мүлікке қатысты жобаларға салынатынын айтып сендірген.

— Ресейдің 6 субъектісінің аумағында қаржы пирамидасының 9 филиалы жұмыс атқарған, ал негізгі орталығы Пензада орналасқан, — деп хабарлайды ІІМ.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық» және «Қылмыстық топты ұйымдастыру» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Дереккөзі: life.ru


Жаңалықтар