17 Август
05:38
Астана: 12 °C
Алматы: 16 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Авто
28 шілде 10:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресейде тағы да суперкар шығарылмақ
Ресейлік бірінші суперкарды бас құрастырушы Игорь Ермилин «Қасқыр» («Волк») деген атауға ие эксклюзивті гиперкардың жаңа жобасымен жұмыс жасап жатқандығын мәлімдеді.



2007 жылы кәсіпкер Андрей Чеглаков пен Ефим Островский және актер әрі автошабандоз Николай Фоменко бірлесіп Marussia Motors автокомпаниясының негізін қалаған болатын. Компания мақсаты – заманауи премиум-класты спорттық автокөлік шығарып, шетелдік компаниялармен бәсекеге түсу еді.
Еске сала кетейік, алғаш құрастырылған «Marussia» жобасы өткен жылдары жабылып қалған болатын. Ресейлік спорткар шығарушылар жоба жабылғанға дейін небәрі 4 автокөлік  сатқан.
Бұл өкінішті жағдай, ресейлік жылдам көлікті құрастырушы Игорь Ермилин үшін сабақ болған сыңайлы. Енді ол өзінің тың идеяларын жаңа жобаға жұмылдырмақ. Ермилиннің сөзіне қарағанда, «Қасқыр» деген атауға ие  жаңа суперкар қолмен жиналады және ол данамен ғана шығарылмақ. Оның алдын-ала болжамды бағасы  бір-екі миллион евро шамасында болмақ.




Шамамен алғанда, «Қасқыр» атты жаңа көліктің бейнесі осындай болады. 

Дереккөзі: www.izvestia.ru
нравится:    758
Теги: Автожаңалықтар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии