19 Август
13:15
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
5 мамыр 10:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ресейдің Омбы мектептерінде қазақ тілі пәні енгізілді
Омбы облысының мектептерінде қазақ тілі пәні енгізілді. 1 қыркүйектен бастап кез келген оқушы қалауы бойынша қазақша оқи алады. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

20160505015214

Сонымен қатар балабақшаларда арнайы сыныптар ашылды. Омбы қаласының тұрғыны Ләззат Шахуова қолы қалт ете қалса, құрақ көрпе, қалта, жастық, ұлттық киімдер тігеді. Ою-өрнектерін де өзі ойлап табады. Шебердің үйінде қазақы құндылықтардың иісі аңқып тұр.

«Омбыда той көп. Достарым, туыстарым сұраса, тапсырыстарын тігіп беремін. Уақытым болғанда жай ермек етемін», – дейді Омбы қаласының тұрғыны  Ләззат Шахуова.

Ресейде тұратын қандастарымыз құндылықтарын ерекше қастерлейді. Омбыда бірінші ұлттық киімдер дүкені ашылды. Кәсіпкер тауарды Қазақстаннан тасиды. Енді осындай сауда нүктелерін басқа да қалаларда ашуды жоспарлап отыр.

«Өткенде бір келіншек келіп, тұсаукесір тойына ақ жол сатып алды. Соңғы жылдары қазақтар салт-дәстүрге көп көңіл бөліп келеді. Барлық іс-шараларды ұлттық нақышта өткізуге тырысады», – дейді сатушы Диана Ыбрайымова.

Омбы облысында 100 мыңнан астам қандасымыз мекен етеді. Осында тұратын қазақтар туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр.
нравится:    769
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии