Әлем жаңалықтары
14 қыркүйек 12:38
​Ресейлік азамат iPhone 7 сатып алу үшін бүйрегін сатпақ

 
Волгоград тұрғыны сайттардың біріне осындай жарнама берген. Ол бүйрегін 75 мың рубльге (387 мың теңге) бағалаған. Сондай-ақ қолма-қол ақшаға ғана емес, бірден iPhone 7 гаджетіне айырбастайтынын да, бүйрегінің сау екенін де жеткізіпті.
 
Өткен жылы Янчжоу тұрғыны да осындай қадамға барған. Ол өзінің бүйрегін iPhone 6s алу үшін сатпақ болған-ды. Алайда келісім жасалмай абырой болған еді.
 
Ал 2013 жылы шанхайлық ерлі-зайыптылар туған қыздарын сатып, ақшасын iPhone алуға жұмсаған болатын.
 
Дереккөз: caravan.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика