11 Декабрь
23:18
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
10 маусым 14:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ресейлік компаниялар қызметкерлеріне жұмыс кезінде тынығып алуға рұқсат берді

Жұмыста ұйықтағаныңыз үшін ешкім сізді сөкпейді. Ресейде бірқатар компанияларда қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасалған. Яғни шаршаған кезде арнайы тыңығатын орындыққа қисая салуыңызға әбден болады. Себебі соңғы медициналық зерттеулерге сүйенсек, күндіз 20 минут көз шырымын алған адамның нәтижелі еңбек ету мүмкіндігі 30%-ға артады. Әрі жүрек ауруына шалдығу қаупі де төмендейді. Бірнеше жыл бұрын америкалық дәрігерлер еңбек адамының шаршауын басудың жолын іздеп еді. Өйткені жұмыс уақытында ұйқымен алысатын адамдардың ісінен ел экономикасына бір жылда 136 млрд долллар түсім түспей қалады екен. Ресейде мұндай статистикалық есеп жүргізілмесе де, бұл мәселеге қырын қарамайды. Глеб Шевчук, компания қызметкері: - Таңертеңгісін ұйқың қанбайды. Жұмыстың көптігі соншалық, кофе ішіп те үлгермейсің. Ал жақсылап түстенгеннен кейін еріксіз ұйқы қысады. Сондай кезде 20 минутқа тынығып алсаң, кешке дейін сергек жүресің. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының зерттеулеріне сүйенсек, Ресей Еуропа бойынша еңбек өнімділігі жағынан ең соңғы орында тұр. Бірақ қызметкерлері аптасына шамамен 40 сағат жұмыс істейтін елдердің бестігіне кіреді. Әсіресе әскерилер мен бизнесмендер көп еңбек етеді екен. Уақытының көп бөлігін жұмыста өткізгендіктен, мамандардың ұйықтауға мүмкіндігі бола бермейді. Салдарынан еңбекке қабілеті де төмендейді. Бұл мәселені шешу үшін көптеген компаниялар қарамағындағы қызметкерлеріне жұмыс кезінде тынығып алуға рұқсат берді. Алексей Винокуров, ұйқы капсуласын өндіруші: - 2011 жылы Гарвардтың қоғамдық денсаулық мектебі зерттеу жүргізіп, 20 минуттық ұйқы қызметкерлердің еңбек нәтижелігін 30%-ға арттыра түсетінін дәлелдеді. Ал қызметкерлер дұрыстап тынығу үшін жасалған арнайы орындықтар шамамен 1 миллион рубль тұрады. Әдетте бұған ірі компаниялар тапсырыс беріп жатады. Тамара Маркова, компанияның коммерциялық директоры: - Біз орындықтарды алдымен өзіміздің қызметкерлерімізге сынаймыз. Олар жатып тыныққаннан кейін бізге өз ойларын айтады. Ыңғайлы төсек орнын Ресейде де шығарып жатыр. Шетелдік тауарға қарағанда орындықтар әлдеқайда арзан. Бағасы 200 мың рубль. Ал жоба авторлары мұнымен шектелгісі келмейді. Енді олар қоғамдық жатын орындарын жасауды да қолға алсақ дейді.

24.kz
нравится:    743
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии