12 Декабрь
01:09
Астана: -14 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
2 наурыз 11:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресейлік шебер әлемдегі ең кішкентай кітаптарды жасап шығарды


Новосібір қаласындағы микроминиатюрист Владимир Анискин әлемдегі ең шағын кітап жасап шығарды. Кітап көкнәр дәнінің кесігіне салынған. 
Онда алтын пластинка орналастырылған, үстіңгі жағында кітаптың өзі, ал төменгі бөлігінде оның жекелеген парақтары бар.
Кішкентай парақшалар бұрама сымға салынып, сол арқылы парақталады. Алайда кітап парақшаларын тек өткір иненің көмегімен аударуға болады. Микроминиатюрист бір емес, осындай екі кітап шығарғанын айтты. Олардың «Солақай» деп аталатын біреуінде бүргеге таға сала алғандардың есімдері жазылған. «Әліпби» деп аталатын екінші кітапта орыс әліпбиі жазылған.
Кітаптың мәтіні лавсаннан жасалған ең жұқа қабықшаға литография техникасымен салынған. Әріптер салынған соң, қабықша кітап форматына сәйкес келетін бөліктерге кесілген.
Шағын кітаптың аумағы жапондық және омбылық шеберлер шығарған кітаптарынан тиісінше 88 және 67 есе кіші болды. Бұл кітаптың екеуі де Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. 


 
нравится:    761
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии