26 Сентябрь
22:25
Астана: 1 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 339.68
EUR/KZT: 401.13
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.26
Туризм
14 сәуір 16:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ресейлік туристер Алакөл пансионаттарын толықтай брондап қойған
алаколь

Ресейлік туристер Алакөлдегі орындарды толықтай брондап қойған, — дейді «Алматы» телеарнасы.

Қазақстанның туристік фирмалары осы жылы отандық демалыс орындарына шетелдік туристер көп келеді деп күтіп отыр. Мысалы, Алакөл толығымен брондалып тұр. Оның ішінде ресейліктердің саны басым. Сонымен қатар қазақстандықтар тарапынан да сұраныс екі есеге артыпты.

Мамандардың айтуынша, бұл ішкі туризмді дамытуға таптырмас мүмкіндік. Ресей-Түрік шиеленісі, сонымен қатар валютаның қазіргі бағамына байланысты шетелдік курорттар қымбат болып тұр. Тіпті, Түркияға алынатын туристік пакеттердің брондалуы да 4 есе қысқарған.

«Туристер қызығушылық танытып, келіп, брондап, тіпті, алдын-ала төлем жасап та жатыр. Оның ішінде Алакөлде ең жиі туристер келетін кезең – шілде мен тамыз айларына орын жоқ» деді туристік агенттіктің директоры Денис Грибков. Ішкі туризмнің өсуі туралы туристік агенттіктер Ассоцияциясы да айтып отыр. Яғни, қазір бұл саланың жандана бастағанын байқауға болады.
нравится:    825
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии