16 Декабрь
20:52
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
22 қараша 15:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Режиссер Ақан Сатаевтың жары актрисалық мансабын неге тастаған?
Танымал режиссер Ақан Сатаевтың жары Назира Бақаева да қыз күнінде киноға түскен. Мейрамбек Беспаев түскен «Алғашқы махаббат» фильмінде басты рөлде мылқау қыздың рөлін сомдаған. Кейін Қалдыбай Әбеновтың «Аллажар» фильміне шақырту алған. Дәл сол түсірілім алаңында Ақан Сатаевпен танысып, жүректері жарасқан соң шаңырақ көтереді. Ақ босаға аттаған сәттен ол киноәлемінен алыстаған.



Режиссер мен оның жұбайы «Ревю» бағдарламысан сұхбат беріп, біраз ой бөліскен.

«Отбасыма, балаларыма, күйеуіме қызмет ету жолын таңдап кеттім. Себебі, мен кәсіби актриса емеспін. Бірер роль бұйырғанының өзі маған жеткілікті» – дейді Назира Бақаева.
 
Назира Бақаеваның актрисалық мансабын «байлаған» Ақан Сатаев деген алып-қашпа сөздерге режиссердің жауабы мынау.
 
«Жооқ, біз ешқандай шектеу қоймаймыз. Білмеймін өзінің енді… Бізде енді Аллаға шүкір бес баламыз бар. Соның тәрбиесімен… Мүмкін сол шығар, мен шын мәнінде сұраған жоқпын» – дейді режиссер.

Сатаев өз фильмдеріне жұбайын қатыстыру жәйін мүлде ойға алмаған. Оны киноға шақыру алдағы жоспарымда да жоқ дейді.
«Бізде актрисалар жеткілікті. Сондықтан, режиссерлар мені киноға шақыра қояды деп үміттенбеймін. Дегенмен, ұсыныс түссе бас тартпас едім» – дейді Назира Бақаева.
 
Есесіне, Ақан мен Назираның тұңғыштары – Мариям Сатай бүгінде актрисалыққа қадам басқан.



Дереккөз: Reactor
нравится:    154
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии