Туризм
12 шілде 10:51
РФ ірі әуе компанияларының І-тоқсандағы шығыны 24 млрд рубльге дейін өскен

 
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ресейдің ірі әуе компанияларының операциялық шығындары 24 млрд рубльге жеткен. Салыстырар болсақ, былтырғы жылдың осы кезеңіндегі шығындар 16 млрд рубльді құраған.
 
Әуе көлігі эксплуатанттары ассоциациясының (ӘЕЭА) президенті Владимир Тасунның сөзінше ішкі бағыттардағы тасымал көп шығынға ұшыратқан. Ал халықаралық тасымал 1,5 млрд рубль көлемінде пайда әкелген.
 
ӘКЭА сондай-ақ бірінші жарты жылдықта жолаушылар саны 3,5 миллионға азайып, тасымал көлемі  8,4% қысқарғанын хабарлады. Тек бір ғана маусым айының өзінде жолаушылар ағыны 14,4% азайған. Ал осы кезеңдегі әуе компанияларының шығындары 15% өсіп, 225 млрд рубльді құраған.
 
 Дереккөз: insider.pro

Комментарии




Яндекс.Метрика