23 Август
19:42
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
30 маусым 16:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Рианнаның әнін өзінен артық орындаған қазақ баласы жұртты таңғалдырды (ВИДЕО)

12 жасар алматылық Әлихан Бұлдыбаев Риананың орындауындағы хит әнді айтып, жұртты таң қалдырды. Әлиханның студияда ән орындау сәті түсірілген видео желіде жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

Төрт жасынан бері спорттық бимен әуестенетін Әлихан бұған дейін ешқашан вокалмен айналыспаған көрінеді. Есесіне, ол бес жасынан бастап музыкалық мектептің скрипка сыныбында тәлім алып, 2013 жылы Барселонада өткен скрипкашылар байқауында 2-орын алған.

Даусы мен есту қабылеті ерекше Әлихан болашақта Калифорния өнер институтына оқуға түсіп, әнші, актер болуды армандайды.

Оның Рианнаның әнін таңдауында да мән бар. Барбадос әншісі баланың ерекше сүйіп тыңдайтын әншісі. Сондай-ақ, ол Шакира, Бейонсе, Сии, Адель, Джей-Зи, Эминем, Imagine Dragons, Maroon 5, Black Eyed Peas сынды шетелдік жұлдыздардың әндерін де сүйіп тыңдайтын көрінеді.

нравится:    1873
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии