19 Декабрь
04:15
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
28 наурыз 15:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Рим Папасы босқындардың аяғын сүйді
Рим Папасы Франциск Италиядағы босқындар лагерінде болды. Босқындардың аяғын жуып, сүю үшін. Өздеріңіз білетіндей, христиандар түсінігіндегі бұл ритуал Иса пайғамбардың (р.а.) өзінің сахабаларына көрсеткен құрметімен байланысты деп жазады dni.ru. сайты. 




Avvenire хабарлауына қарағанда, биылғы діни шараға 12 адам қатысты. Понтификке аяғын жудырып, сүйдіргендердің арасында Малиден, Сириядан және Пәкістаннан келген үш мұсылман да болды.

Понтифик Пасха мейрамының қарсаңында Рим қаласының маңындағы Кастелнуово ди Порто елді-мекеніндегі босқындар лагерінде болып қайтты. Католиктердің әлемдік жетекшісімен кездескен босқындар арасында католиктермен қатар мұсылмандар, православтар және индустар болды. Понтификтің босқындарға көрсеткен бұл құрметі өз кезегінде Еуропаны өрттей шарпыған исламофобиялық құбылысқа тойтарыс бермесе де дінаралық татулықты сақтаудың ишарасы іспeтті болды, ерен үлгісі ретінде қабылданды.
нравится:    867
Теги: Саясат, Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии